Сабина Алтынбекова күйеуімен түскен барлық суреттерін әлеуметтік желілдерден өшіріп тастады
Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова күйеуімен түскен барлық суреттерін Instagram желісіндегі парақшасынан өшіріп тастады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Не себепті өшірген туралы волейболшы былай деп жауап берді: "Біз Саятпен бірлескен суреттерді жариялаған кезде кенеттен бір нәрсе өзгеретінін байқаймыз. Әрине "көз" деген бар. Сондықтан біз бірге түскен суреттерімізді сирек салуға шешім қабылдадық. Басқа ой болмауын сұраймын", - деп жазды Алтынбекова.