Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ардақ Назаров: Мені асықтырмаңыздар, саяси рингкте де қыздырынып, бағамдап барып жауап беремін

Ардақ Назаров: Мені асықтырмаңыздар, саяси рингкте де қыздырынып, бағамдап барып жауап беремін
ашық дереккөз
Спортшы өзін депутат ретінде сұрақтың астына алған журналистерге алғысын айтты
 Қазақстан парламентінің су жаңа депутаттарының бірі Ардақ Назаров алғаш жұмысқа келген күні журналистерге сұхбат беремін деп басы дауға қалған еді. Екінші күні артық  шуды доғарғысы келді ма, бетіне маска тағып, еш бір тілшіге бұрылмай қаша жөнелді. Екінші жұмыс күнін қорытындыласа керек, кешкісін желідегі парақшасына түйгенін түртті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Ассалаумағалейкүм құрметті достар. Менен жаңалық күтіп отырған шығарсыздар.Аллаға шүкір, бүгін халқымыздың алдында АНТ беріп жаңа жауапкершілікті өз мойнымызға жүктедік.Маған шын ниетпен тілекші болып отырған ағайынға алғысымды білдіремін.
“Біраз сұрақтарға жауап берілмеді”-деп уайымдап отырғандарыңызды білемін. Біз спортшымыз ғой, рингке қыздырынбай кірмейміз. Дәл сол сияқты саяси рингте де қыздырынып, жан-жақты бағамдап, ішкі кухнясын көріп барып жауап бергеніміз дұрыс болады. Жақсы-жаманды таразылайтын, баға беретін уақыт әлі алда. Айтпақшы журналистер қауымына алғысымды білдіремін, бізді саяси майданға кірместен бұрын шыңдап жатырсыздар",- деді Ардақ Назаров.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар