Басты жаңалықтар

Нұрлан имам: Үйім жоқ, 7 баламмен мешітте тұрамын

Хит имам өзіне үй сыйлап, жоба ретінде пайдаланғысы келгендер болғанын айтады

Тик-Ток имам атанған Нұрлан қажы өзгелерге үнемі заманға сай кеңесін беріп отырады. Осы жолы өзі жайлы айтты. Көп балалы имамның басында жылжымайтын мүлкі жоқ екен. Көпшілік бұған қайран қалды. Өйткені аузынан шыққан әр сөзі  елге кеңінен тарап отыратын имам мешітте тұрады екен, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. «Ел бар, халық, жұртым  бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі, оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді»,- деді Нұрлан имам.