Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандық көз жұмды

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандық көз жұмды
ашық дереккөз
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 50 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болды. Ақпаратты ҚР СІМ растады, – деп хабарлайды aikyn.kz Қазақстандық Бахтиер Инятов әйелімен бірге Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Олар Кореяға 2015 жылы жұмыс істеуге келген. Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген. Марқұмды білетін адамдардың айтуынша, ол ақылды әрі еңбекқор болған. Ер адамның неден көз жұмғаны белгісіз. Алайда әйелі оның кофені көп ішіп, жиі темекі шеккенін айтады. Ер адам денсаулығына шағымданбаған. ҚР Сыртқы істер министрлігі қайтыс болған адамның Қазақстан азаматы екенін растады. Қазір марқұмды Отанына жеткізу үшін құжаттары рәсімделіп жатыр. Инятовтың туыстарымен елші байланыста. Ер адамның артында 3 баласы қалды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар