Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сұраққа жауап берді
Жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан жұбайы Раимның шаңырақ көтергелі бес келі салмақ тастағанына алаңдаулы және желіде жүктілігіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Аяғыңыз ауыр болған соң салмақ қосқансыз" деп құттықтап жатқандарға рахмет. Тілектеріңіз қабыл болсын. Хабар болғанда, бірінші сіздермен бөлісемін. Қыздар мені қоя беріңдерші, жолдасымды қалай семіртемін? Соны айтыңыздаршы. Үйленгеннен бастап, күйзелістен бес келі арықтады. Кейін концертпен бір ай жүріп, тағы арықтады. Енді салмақ қосады дегенде ораза басталды. Екеуіміздің де семіруден арықтауымыз тез. Үйленгенімізге екі ай болды, ұят тіпті", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.