Басты жаңалықтар
Айгүл Иманбаева анасының 70 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
- автор kyn.kz
- 1 шілде, 2018
- 2.1k
Әнші:Мен мына өмірдің осы кезеңіне дейін бір жетістікке жетсем, бақытқа кенелсем – бәрі анамның арқасы.
Айгүл Иманбаева анасының 70 жасқа толған туылған күнін дүркіретіп өткізді деп хабарлайды KYN.KZ Танымал әнші анасына деген махаббатын желіде жазбасы арқылы да білдірді. Анасына өнердегі достарымен бірге той жасап берген әнші:
“Мен мына өмірдің осы кезеңіне дейін бір жетістікке жетсем, бақытқа кенелсем – бәрі анамның арқасы. Қабағымен ғана тәрбиелеп, жүрегімен жақсы көрудің сенен асқан үлгісі жоқ шығар.
Үндемей үнсіз отырып, ішімдегі айтылмаған бар сырымды сезіп қоятыныңды қандай түйсікпен түсіндіруге болады?!
Жүзіңе жылдар салған “суреттің” әр қыртысы тағдырыңның тарихын баяндап тұрса да, жаныңның жарқыраған шуағын төгуден шаршамайтыныңа шүкірлік етем. Жүрегім мен жігерімді жасытпайтын жалауым өзіңсің, Тәте
Жүзге келгенше жанымда жүрші. Менің немеремнің қолына туын ұстатып, атына қондырып, батасын беруіңізді Алла нәсіп етсін деп тілеймін! Анашым 70 жас! Барша құттықтап келген Ағайын-туыс, дос-жараныма, әріптестериме алғысым шексіз”, – деп жазды. Әншінің анасына деген махаббатын көрген желі қолданушылары оларға изгі тілектерін аямады. “Анаңыздың өмір жасы ұзақ болсын! Аналар аман болсын! Туған күні құтты болсын! Құтты болсын анаңыздың 70жасы!Алла тек жақсылық берсін отбасыңызға! Анаңызды өмір жасы ұзақ болсын, дені сау болсын, ақылшыңыз болып жүре берсін, жүз жасасын”, – деп жазды олар.