Басты жаңалықтар
Шымкентте үш жасар бала көлік моторын жуатын химикатты ішкен
- автор kyn.kz
- 1 сәуір, 2023
- 303
Шымкентте көліктің моторын жуатын химикатты ішіп қойған бүлдіршіннің беті бері қарады. Автокөлік жөндеп жүрген әкесінің жанында ойнап жүрген Арман есімді үш жасар балақай улы сұйықтықты тәтті сусынмен шатастырып алған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
"Ойнап жүрген, күйеуім машина жөндейді ғой. Пепси әкеп қоятын, сусын деп ішіп қойған ғой. Негізі көбінесе химииялық ыдысында тұратын. Соны ішіп қойған",- дейді баланың анасы Іңкәр Сарыбаева.
Дәрігерлер химиялық затты ішкен балақай емдеу орталығына дер кезінде жеткізілді деп отыр. Әйтпесе ауыз қуысы, өңеші мен асқазаны күйген баланың жағдайы әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін еді. Онымен бірге бір күнде ауруханаға сірке суын ішіп қойған бес жасар бала да ауыз қуысының химиялық күйік шалуымен жеткізілді. Қазір ол да өздігінен тамақтана алатын жағдайға жетті. Дәрігерлер екі жағдайда да бүлдіршіндер ересектердің қарауынсыз қалғанын айтты.
"Ем антибактериялы терапия дейді. Емдеп жатырмыз. Баланың ішкі құрылысы, аузы күйген, жағдайы орташа дәрежеде",- дейді Т. Орынбаев атындағы гипербария оксигенация орталығының токсиколог-дәрігері
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі Марат Кәкенов.