Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Серік Күдербаев елден қашып кетті деген сыбысқа адвокаты жауап берді

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Серік Күдербаев елден қашып кетті деген сыбысқа адвокаты жауап берді
ашық дереккөз
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев елден қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокаты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция генералының соты 5 қаңтарда Талдықорғанда басталды. Соңғы бес отырыс сотталушының денсаулығының сыр беруіне қатысты кейінге қалдырылды. Ол Алматы ауруханаларының біріне жатқызылды деп хабарланды.
Бейсенбі Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі Күдебаевтың отырысқа қатыспауына қандай кедергілер барын білмейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты сот 3 сәуірге жоспарланған келесі отырысқа сотталушыны мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды.
Sputnik Қазақстан тілшісі Күдебаев қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокатынан түсініктеме беруді сұрады.
"Өкінішке қарай, біз бұл ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймыз. Бізде ешқандай ақпарат жоқ", - деп хабарлады сотталушы адвокаттарының бірі Руслан Баймақов.
2022 жылдың мамырында Серік Күдебавқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптады деген айып тағылды. 28 ақпанда прокурор соттан Күдебаевты 9 жылға соттауды және полиция генерал-майоры арнайы атағы мен мемлекеттік наградалардан айыруды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеп, өзін ақтауды және қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.