Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысы полиция департаментінің бұрыңғы басшысы Күдебаев үкім оқылар алдында Қазақстаннан қашып кетті

Алматы облысы полиция департаментінің бұрыңғы басшысы Күдебаев  үкім оқылар алдында Қазақстаннан қашып кетті
ашық дереккөз
Сот Күдебаевқа іздеу жариялады
Прокурор Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтата тұруды және оған іздеу жариялауды сұрады.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 23 наурызда Күдебаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, сол күні "Манас" әуежайынан (Бішкек) Түркия Республикасының Стамбул қаласына ұшқан", - деді судья.
Судьяның айтуынша, осыған байланысты Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланып, оған қатысты бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға ауыстырылуға тиіс.
Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді. Кейбір БАҚ Алматы полициясы экс-басшысының елден қашып кеткені туралы хабарлады.
Бұған дейін Жетісу облысының соты сотталушының 3 сәуірге белгіленген келесі сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізілетінін хабарлаған болатын.
Атышулы іс бойынша сот талқылауы 5 қаңтарда басталып, күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. 28 ақпанда облыстық соттың ғимаратында өткен тараптардың жарыссөзінде прокурор сотталушыны 9 жылға соттауды және арнайы атақтары мен мемлекеттік наградаларынан айыруды, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар