Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның келін болып шай құйған сәті тарап кетті (фото)
Желіде әнші әрі актриса Кәмшаттың жұбайының достарына шай құйып тұрған сәті тарап кетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Үнемі батыл образдарымен көпшілікті таң қалдыратын Камшат, бұл жолы қарапайым келін ретінде басына ақ жаулығын тартқан сәті желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді. "Қандай әдемі келін", "Әдемі келіншек болатынын бұрыннан білгенмін", "Шай құйғаны күшті екен", "Бақытты болсын", "Алла бағыңды ашсын", "Келін шай", "Шай құйғанының өзі кино", - деп ойларын жарыса жазды. Камшат пен Ғазіреттің арасындағы махаббат танымал "Рауза" сериалынан кейін бастау алса керек. Кинода әріптес болып, уақыт өте бұл ыстық сезімге ұласып, жастардың шаңырақ көтеруіне себепкер болды. Айта кетейік, биылғы жылдың наурызында Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салынып, ұзатылған болатын.