Нұрсұлтан Нұрбердиев тыңдармандарына алғаш рет келіншегін көрсетті
Танымал әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев жеке өмірін құпияда ұстайтын әншілердің бірі. Әйтседе, Анна Данченокның Қызықты Weekend бағдарламасында әнші ата-анасы мен келіншегін халыққа таныстырған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Ата-анам Қызылорда облысының тумасы. Анам Аралдан, әкем Қазалыдан. Мен бір жасқа толғанда Таразға көшіп келдік. Үйде төрт қызбыз. Мен үйдің екіншісімін. Біз көп сөйлеспедік. Бірінші кездесуінде-ақ үйленетінін айтқан. Бір айдай кездесіп, үйлендік. Өзім телекоммуникация саласын оқыдым. Бірақ жұмыс істеп үлгермедім. Отағасы үйде отыр деді. Осы кісі не айтады, солай болады", - дейді әншінің жұбайы Әсел Молдабаева. Нұрсұлтанның айтуынша әншінің ата-анасы келінді ұзатып алғысы келгенімен, ол сүйіктісін алып қашуды жөн көрген. Сұхбат барысында әнші болашақтағы жоспарының бірі ата-анасымен жұбайына арнап ән жазып, бейне клип түсіруге ниетті екенін айтты.