Орал қаласында 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан Қарақалпақстан тұрғыны ұсталды.
«Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.
Жас әйелдің 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан.
Бұл фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша іс қозғалды», – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Келесі мақала