Басты жаңалықтар

Дана Кентай қалыңмалы 20 миллион теңге екенін айтты

Танымал әнші қалыңмалының 20 миллион теңге екенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қалыңмалымды қанша млн теңге дейін? Мен енді консерватория оқыдым, магистратура бітірдім. Қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяным мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?", - деп сұрады көпшіліктен. Ал әншінің сауалына жиналған қауым  "2 млн теңге, 20 млн теңге", - деп жауап берген. Бірақ  әншіні 2 млн теңге деген жауап қанағаттындырмай, ол 20 млн теңге деген нұсқаны таңдады. "2-ақ млн теңге ме? 20 миллион теңге деді мында. Қалыңмалым 20 млн теңге. Жақсы, қазақи, иманды жігіті болса болды. Тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес", - деді өнер иесі.    width=