Басты жаңалықтар

Қайрат Әділгерей жалақысының 132 мың теңге екенін айтты

Танымал актер Қайрат Әділгерей "Жақсы адамдарым" бағдарламасына берген сұхбатында жалақысының 132 мың теңге екенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Өзім жан жүрегіммен, жан-тәніммен дубляжды жақсы көремін. Өйткені дубляжда демаламын. 2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген соң, балалар мен жастар театрына бардық. Қабылдамады. Әуезов театрына бардым, алмады. Абай атындағы опера және балет театрына бардым. Оған да қабылдамады. 2005 жылы Ұлттық арнада дубляж бөлімі ашылды. Содан бері істеп келе жатырмын. Мен үшін дубляж қара шаңырақ болып есептеледі. Қатты жақсы көремін. Дубляждан шаршамаймын. 132 мың теңге айлығым бар", - деді Қайрат Әділгерей. Әріптестерінің айтуынша актер тума талант иесі. Ол бір сериалда бірнеше кейіпкерді еш қиындықсыз дыбыстай алады. Естеріңізге сала кетейік  жақында ғана Қайрат Әділгерей желіде өзінен жасы кіші ер азаматтарға тұрмысқа шыққан әріптестерін сынап, көпшіліктің талқысына түскен еді.