Басты жаңалықтар
Абай Бегей 100 миллион жұмсалған зәулім сарайын көрсетіп, жас келіншегін көпшілікке таныстырды
- автор kyn.kz
- 4 сәуір, 2023
- 798
Танымал әнші Зәуләм үйін "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасында көрсетіп, жұбайымен таныстырды деп жазды, KYN.KZ тілшісі. "Тек тоймен мынадай үй салу қиын. Жиған-тергеніммен әйтеуір салдық", - дейді Абай Бегей.
Ал, әнші өзінен 16 жас жары туралы "Әкем анамнан 16 жас үлкен. Сол қайталанып тұр ғой", деп айтты әнші.
Абай Бегей қазіргі жұбайымен бірінші әйелі қайтыс болғаннан кейін некелескен еді. Келіншегі Фарида алғашқыда өзіне қиын болғанын жасырмады:
"Менен біреу келіп сұраса "Мен балалары бар адамға тұрмысқа шығайын деп жатырмын" десе, мен "шықпа" деп айтар едім. Өйткені, үйренісіп кете ме, кетпей ме білмейсің. Балалар - аманат. Күйеуге шығамын деп айтқаннан кейін соңына дейін төтеп беруім керекпін. Бір отбасыға барып, ол балалар сені
1-2 пайыз болса да қабылдап қалғаннан кейін кетіп қалсаң тағы болмайды. Ол балаларға одан әрімен қарай ауыр тиеді. Кері шегінетін жол жоқ", - дейді ол.
"Оқып, жұмыс жасағаныңызды білемін. Қазір көп уақытыңыз бала тәрбиесі, үй шаруасымен кетеді. Бұрыңғы кездеріңізді армандайсыз ба?" деген журналист сауалына өнер иесінің жары былай деп жауап берді:
"Магистратурамды бітіре алмадым. Тек дипломымды қорғау қалған еді. Арманым сол магистратурамды бітіріп, тағы бір жоғары оқу орнына түскім келеді. Мен исламтанушымын ғой. Қайтадан сол құран мен араб тілінен сабақ бергім келеді", - деді жұбайы.
Келесі мақала