Жанатбектің жұбайы полицейге: Бес баланы бетпен туған жоқпын ғой
Актер көпшілікке әйелінің әзілге жақын екенін айтты
Танымал әзілкеш әрі тележүргізуші, актер Жанатбек Бәйтековтің өмірлік жарын көпшілік танымайды, кім екенін де білмейді. Ол әйелі жайлы әңгіме кезінде бала тәрбиесіне толықтай берілген сүйіктісінің әзілге біртабан жақын екенін мысалмен айтып өтті, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. Ол әйелін бірде жол полициясы ұстап, жауабына қайран қалғанын айтты. "Ол көлік жүргізу құжатын үйде ұмытып кеткен. Телефонмен сөйлестіріп, өзінің көлік ұрысы, заңды сыйламайтын адам емес екенін дәлелдегісі келген ғой. Содан телефон тұтқасын беріп, "сөйлесіңізші" депті полицейге. Сөйтсе тұтқаның арғы жағындағы адам " Ол өзімнің қарындасым, бес баланың анасы, жібер" депті. Сөйтсе полицей "Расымен бес балаңыз бар ма? түріңіз ұқсамайды" депті. Сөйтсе, "Бес баланы бетпен туған жоқпын ғой" депті. Содан полицей жіберіпті. Тұрған жерінде күлеберіпті",-деп әңгімелеп берді актер Жанатбек.