"Сен сияқты күйеуден туа бергің келеді": Айсауле Бақытбек
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек желіде қызықты жазбасымен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Айсауле Бақытбек желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берген. Онда "Екіншіге қалай шешім қабылдадыңыз?" деген оқырманының сұрағына: "Менің жағдайымда физикалық немесе басқа да жағдайлар алаңдатпайды. Іштей бір шешімге келе алу ғана керек болды. Бірінші баламды босанғаннан кейін "Бұл соншалық қиын емес екен. Тағы да тууға болады" дедім. Маған жасалатын қолдау, көмек көп. Сондықтан ана болудан тек рахаттанамын. Егер отбасыңызда бәрі жақсы болса денсаулығыңыз дұрыс болса, көмекші жалдауға жағдайыңыз келіп тұрса неге жоқ деуім керек? Мен күйеуімді кездестіргелі бері оған "Сен сияқты күйеуден туа бергің келеді" деп жиі айтамын. Міне, туғалы жатырмын енді", - деді Айсауле.