Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада үш баланың анасы араға он жыл салып үшемді дүниеге әкелді

Астанада үш баланың анасы араға он жыл салып үшемді дүниеге әкелді
ашық дереккөз
Балалар шала туғанымен әрқайсысының салмағы екі келіден асқан
Елордада үшем дүниеге келді. Нәрестелердің есімдері - Ай-сұлтан, Самира, Сания. Қуанышқа кенелген ата-ана бірден көпбалалы жанұя қатарына қосылды, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап. Әсел Шонтаеваның қуанышында шек жоқ. Үшемді дүниеге әкеліп, әйел бақытына кенеліп тұр. Сәбилеріне мейіріммен қараған мезетіне куә болдық. Оның он жылдан кейін көтерген құрсағы екен. Үш баласы бар ана бірден көпбалалы жанұялар қатарына қосылды. Нәрестелердің есімін атасы қойыпты. "Көңіл-күйім жақсы, денсаулығымда жақсарды. Мед персоналдарға шексіз рақметімді айтамын. Балалрымды аман -есен дүниеге алып келгеніме өте қуаныштымын",-дейді Үшемнің анасы Әсел Шонтаева. Сәбилердің салмағы екі килограммнан асады. Бойы – 47-50 сантиметр. Нәрестелер шала туылған. Дәрігерлер ана мен балалардың денсаулығын бақылауда ұстады. Қазір бәрі қалыпты. Үшемнің анасын денсаулық сақтау басқармасы арнайы құттықтады. Сый-сияпатын беріп, ақ жарма тілектерін айтты. Жалпы, Астанада ана мен баланың денсаулығын жақсарту мақсатында қосымша орталықтар бой көтеретін болады. Бас қалада демографиялық ахуал жақсарып келеді. Соңғы жылдардағы көрсеткіш тіпті жоғары. Жыл басынан бері елордада 7 мыңнан астам сәби дүниеге келген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар