Стадионға келген жанкүйер танымал футболшының басын жарып қойды
Нидерланд біріншілігінде ойнайтын "Аякстың" футболшысы Дэви Классеннің басы жарылды. Бұған стадионға келген жанкүйер кінәлі болып шықты. Оқыс жағдай Нидерланд кубогі үшін кездескен "Аякс" пен "Фейенорд" арасындағы матчта болған. Ойынның 60-минутында трибунадағы жанкүйерлердің бірі Классеннің басына белгісіз затты лақтырып жібереді. Аталған жағдайдан соң жарты сағат бойы ойын тоқтатылған. Нидерланд басылымдарының хабарлауынша, Классеннің басына оттық лақтырған жанкүйерді полиция қызметкерлері ұстады.