Қыран Талапбек бірінші некедегі баласына қатысты сұрақтарға жауап берді
Танымал мобилограф Қыран Талапбек Taboo жобасына берген сұхбатында ұлына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекова 2020 жылы шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлдары бар. "Баламды неше айында көргенім нақты есімде жоқ. Қынжыласың ғой, әрине. Менің қазіргі басты миссиям - баламды алғаш көруім емес, оның өмірде қалыптасуына септігімді тигізу. Ертең ол бала өседі, мектепке барады. Оның жағдайын жасау керек... Ұлымның фамилиясы менікіндей еместігін білемін. Бірақ фамилияны кез келген уақытта ауыстыруға болады. Ол менің балам, онда менің қаным ағып жатыр. Ол қазірден қырсық бала. Ұлыма көбірек уақыт бөлуге тырысамын", - дейді Қыран. Айта кетелік, бағдарлама барысында Қыран Талапбек өзінің басы бос еместігін де мәлімдеген болатын.