Алматылық әйел 45 жыл бұрын тізесіне кіріп кеткен инені алдырды
Ол жарты ғасырға жуық уақыт аяғының еш ауырмағанын айтады
Әйелдің айтуынша, бала күнінде жараттанған. Сол кезде инені алып тастау үшін операция жасалған, бірақ ине табылмаған. «Осы жылдар ішінде ине мазамды алған жоқ, биыл ғана қатты ауырып, күннен-күнге асқына түсті. Ақсаңдап жүре бастадым. Сондықтан, стационарға жүгіндім. Маған рентген жасап, операция жасау қажет екені айтылды», – деді ол. Аурухана травматологтері инені алып тастау бойынша жарты сағатқа созылған операция жасады. Операциядан соң әйел ақсаңдап жүруін қойды әрі ауруы басылды. Операцияны жасаған травматолог Дәулет Чукмановтың айтуынша, көп жылдар ішінде ине инкапсуляцияланған. «Операция сәтті өтті, ине алынып тасталды», – деді ол. Өз кезегінде әйел дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысын білдірді.