Басты жаңалықтар

Түсте ұйықтамай қойған баланы ұрып, көрпемен бүркеп тастаған тәрбиеші жазаланды

мектепке дейінгі мекеме басшысына да жаза қолданылды

Оқиға павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінде болған. Онда түс уақытында ұйықтамай қойған балақайды тәрбиеші бетіне шапалақпен ұрып, көрпені бүркеп жауып қымтап тастаған.  Оқиға балалар ұйықтайтын жатын бөлмедегі камераға түсіп қалған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. №28 балабақшада болған жағдайдың видеосы желіде тарады. Көпшілік жағдайды көзбен көргенде тәрбиешінің дереу жазалануын талап етті. "Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады білім беру бөлімі. Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.