Қызылордада аяусыз соққыға жығылған жігіттің жағдайы ауыр
Дәрігерлер Қызылорда облысы Қазалы ауданында соққыға жығылған жасөспірімнің жағдайы ауыр екенін айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Бас сүйек-ми жарақатын алған. Бұл туралы bugin.kz хабарлайды. Жалпы жағдайы-тұрақты ауыр. Емдеу шаралары жүргізілетін болады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы. Әлеуметтік желіде жасөспірімді белгісіз азаматтардың ұрып-соғып жатқаны туралы видео жарияланған соң полиция 5 оқушыны ұстады. Кәмелетке толмаған баланы жабылып соққыға жыққан Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 5 оқушысы екені белгілі болды. Олар 7 сәуірде аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір соққыға жығылған бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі. Осы факті бойынша тергеу басталды. Қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алып жатыр. Аудан әкімі және облыстық білім басқармасының басшысы 8 сәуірде жасөспірімге барып, оның жағдайын білді, - делінген хабарламада.