«Кесеге де сәлем салғызды»: Шымкенттің келіні енесі өзін түнгі 2- дейін жұмсап, күн көрсетпейтінін айтты
Келіншек: Күйеуімнің екі інісінің әйелдері отбасымыздың осындай тәртіптеріне шыдамай, қашып кетті
Қазір Қазақстанның әр аймағында әйел құқығы сақталмай жатқаны жайлы түрлі жантүршігерлік жағдайлар жиі айтылып жүр. Әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде күйеуі мен енесінен, қайынапасынан қорлық көрген келіншектер көп. Сондай жағдайдың бірін шымкенттік келіншек Гүлмира Әбіқайға жазыпты. Сөзінше енесі оны таңнан қара кешке дейін, аяғының ауыр екеніне қарамастан әбден қинаған. Салдарынан келін түсік тастапты, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.
«Кесеге дейін сәлем салғызып, түнгі екіге дейін, алты айлық балам іште өліп қалғанша жұмсаған. Менен кейін екі қайынінім бар. Екеуінің де әйелдері кетіп қалды», деп жазған оқырман. Оқырманның пікірі көпшілікті бей-жай қалдырмады. Тіпті кейбірі тек кесеге ғана емес, табаққа да сәлем салу дәстүрінің бар екенін жазған.