"Жас келінге жараспайды": Бір топ ер кісінің ортасында отырған Еркенің әрекеті көпке жақпай қалды
Жасы үлкен болса да әйел еріне жол беру керек
Соңғы уақытта ел ішінде есімдері жиі айтылып жүрген қос жұп - Ерке мен Райм. Әншілердің әлеуметтік желіде белсенділігі төмен. Дегенмен, олардың басқан қадамын талқылау әлі де ел арасында тоқтар емес, деп жазады «КҮН.КЗ» тілшісі.
Бір топ ер кісінің ортасында, ауызашарда отырған Ерке Есмаханның әрекетін әлеуметтік желі қолданушылары сынап тастады. Оқырмандар тек ер кісілер жиналған жерге жалғыз өзі отырғаны дұрыс емес деп жазған. Оқырмандар Еркенің ерінен бұрын есіктен кіргенін де ұнатпаған. Жасы үлкен болса да әйел күйеуіне жол беруі керек дейді олар.