"Алақ-жұлақ етіп отыр": Асхат Аймағамбетовтен сөз естіген министрдің түрі қызу талқыға түсті
Депутат бұрынғы «әріптесін» сынап тастады
Төменгі палатаның әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты. Жиында депутаттар министрден медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі туралы сұрады. "Мәселе жоқ, барлығы жақсы" деп жылы жауып қойған денсаулық министірі халық қалаулысынан сөз естіді. Әлеуметтік желіде сол сәттегі министрдің түрі қызу талқыға түсті.
«Елімізде медициналық ұйымдардың 50 пайыздан астамында кредиторлық берешегі бар. Олар дефолттың алдында деп айтуға болады. Яғни, берешекті, қарызды төлемеген деген сөз. Сонда берешекті қалай шешеді? Бұл неге байланысты? Яғни, бүгінгі медициналық қызметкерлерге арналған тарифтерге байланысты. Тарифтер жалпы өскен жоқ. Оның өсуі тек қана жалақы бойынша жүріп жатыр», - деді Асхат Аймағамбетов. Депутат кейбір медициналық ұйымдарда жалақы төлеу фонды 80 пайызға дейін жетті деп отыр. Тіпті одан көп болуы мүмкін екен. Соған байланысты бюджеттің қаражаты жалақы төлеуге кетеді. «Қалған қаражат коммуналдық шығындарға жұмсалады. Сонда науқасқа берілетін дәрілері басқа да медициналық көмектер осы мәселеге байланысты қиын жағдайда» - деді мәжілісмен. Дегенмен министр бұл ақпараттың ешқандай шындыққа жанаспайтынын айтты. «50 пайыз медициналық ұйымдар кредиторлық берешекте деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кредиторлық берешегі бар мекемелердің барлығы толық бақылауда, тексерілуде,» - деді Ажар Ғиният. Министрдің айтуынша, былтыр премьер-министрдің бұйрығымен тексерілген. Соның ішінде көптеген мекемелердің басшыларының менеджментті дұрыс пайдаланбай, әр түрлі медициналық бұйымдар немесе дәрі-дәрмектерді артық алып, қоймаларын толтырып қойып, халыққа ақша бермей отырғандарды да байқалған.
«Сондықтан өзіміздің тарапымыздан бұл ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл берешектер бір жылда шыққан жоқ. Былтырғы берешек емес. Осыдан 4-5 жыл бұрыңғы берешектер. Қазір әкімшілікпен біріге отырып, заңдарға, нормативтік құқықтарға қандайда бір жеңілдіктер кіргізіп, бірлесіп жауып жатырмыз, - деді ол.