Атырауда жоғалып кеткеніне 5 күн болған 16 жастағы қыздың көпірден секірген сәті видеоға түсіп қалған
16 жастағы Әсемай Қазбекованы туған-туыс, өңірдегі белсенділер жабылып бес күн бойы іздеді. Кеше ғана оның соңғы рет желідегі парақшасына көпір маңында суретке түсіп, көпшілікк "Қош болыңдар..." деп жазғаны анықталды. Белсенділер мен қыздың әкесі бірден көпірге келіп, полиция маңайдағы камералар таспасын ашып, оқушының суға секіріп кеткенін анықтаған Бұл туралы волонтер Сандуғаш Кукенова Facebook парақшасында жазба жариялады.
«Камерадағы соңғы жазбада Әсемайдың көпірге көтеріліп бара жатқаны бар. Сол жағадағы бір үйдің камерасынан қарау соңғы үміт еді. Алайда ол үй иесі 1, 2, 3 күндері өз үйінде болмады. Аңға кеткен екен. Төртінші күні сол үйдің иесі үйіне оралды. Әсемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға барды. Камераға Әсемайдың көпірден секіріп кеткен сәті түсіп қалған. Өкінішті...», – дейді Сандуғаш Кукенова.