Бас прокурор орынбасары Жандос Өмірәлиев кеше Астанада неше мұнайшы ұсталып, қандай жаза алғандарын айтты
Кеше Астанадағы полиция бөліміне 126 жұмыссыз жеткізілген, 5 адам жауапқа тартылған
Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жндос Өмірәлиев журналистерге кеше түнде ұсталған мұнайшылар туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Кеше 126 митингте тұрған мұнайшы ұсталды, бөлімшеге жеткізілді. Олардың ішінен бес белсенді жауапқа тартылды. Олар рұқсат етілмеген митингіге шыққаны үшін ескерту алды",-деді Жандос Өмірәлиев.