"Мақтаншақтық": Төреғалидің қарындасы жолдасына 1,5 миллионның сөмкесін сыйлады
Дина Төреәлі жолдасының туған күніне 1,5 миллион теңгелік сөмке сыйлады. Ол жолдасының туған күні және оған арнап сатып алған бағалы сыйлығы жайлы өзінің Инстаграм парақшасында жариялаған, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.
"Осы күніміз ата-анамыздың сыйлығы деп қабылдаймын. Ол кісілерден ерекше сыйлық күтпейміз... Сыйлықтарымыздың бастамасы осындай болсын деп тілеімін. Жылдан-жылға біздің бір-бірімізге сыйлайтын сыйлығымыз да құны да, өзі де өсе берсін", - деп жолдасына деген жылы лебізін білдірді. Динаның сыйлығы елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік оны сынып, "ақшаны үй-күйі жоқ жандарға немесе жетім-жесірлерге беру керек еді" деп өз ақыл-кеңестерін айтқан.