Ардақ Назаров мәжілісте ЛГБТ тақырыбындағы өнімдерді әлеуметтік желі, телеарналардан көрсетуге тыйым салуды ұсынды
Депутат телеарналардан оның орнына ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауды ұсынды
Депутат Ардақ Назаров мәжілісте ЛГБТ тақырыбындағы кино өнімдері мен түрлі насихаттау материалдарын телеарна, радио, әлеуметтік желілерден көрсетуге қатаң тыйым салуды ұснды, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Депутат оның орнына мектептерде балаларды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрге баулыйтын сабақтар өту керек дегенді айтты. Вице- премьер Алтай Көлгіновтың атына депутаттық сауал жолдаған ол, осы бір қазаққа жат дүниені насихаттайтындарға заңмен тыйым керектігін айтты. "8 сәуірде Астанада өткен феминистер шеруінің соңы ЛГБТ-ны насихаттауға айналып кетті. Митингіге рұқсат алған кезде әйелдерге жасалатын зорлық- зомбылыққа қарсы жиын делінген еді. Өрімдей оқушы қыздар ЛГБТ жалауын жамылып алаңда жүрді. Қазір Астана мен Алматы қалаларында, жекеменшік мектептерде гомосексуализм, жынысты ауыстыру, біржыныстық неке еркін насихатталуда. Барлық платформаларда, әлеуметтік желіде мәдениетімізге сай келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсету, насихаттауға заңмен тыйым салынсын. Теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, парламентке қарастыруға енгізілсін",-деді депутат Назаров.