Басты жаңалықтар
"Жігіт іздестірілуде": Алматыда ер адам сатушының қолына әйелдің басы салынған сөмке ұстатып кеткен
- автор kyn.kz
- 12 сәуір, 2023
- 290
Шұжық сатып отырған келіншек сөмкені ашқан сәтте шошып, полиция шақырды
Алматыда қараусыз қалған ғимараттың жанынан басы кесілген әйелдің мәйіті табылды, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексеріп, басы кесілген әйелді тапты. Ол 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған әйел болып шықты. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.
Қазір аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.
Келесі мақала