Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Жарияланған кадрларда жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері көрінеді. "Қоңырау сағат 18:32-де түсті. Біз оқиға орнына 3 минутта жеттік. Шақырту себебі - үш жасар баланың 9-қабаттан құлауы", - делінген жедел жәрдем станциясы хабарламасында. Оқиға орнына келген дәрігерлер бала қайтыс болғанын анықтаған.
Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап қайтыс болды
Қайғылы оқиға 12 сәуірде кешке Толстой, 68 көшесінде орналасқан үйде болған
