Басты жаңалықтар

Абзал Құспан Бас прокуратурадан шетелден қайтарылған ақшаның есебін беруді талап қылды

Депутат өз кезегінде іштегі олигополия өкілдерінен қанша ақша өндірілгенін де сұрады

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елден заңсыз жолмен шығарылған қаражатты қайтаруға қатысты депутаттардың талабын жариялады, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі. Атап айтқанда, қанша қаражат елге қайтарылды? Іштегі олигополия өкілдерінен қанша қаражат өндірілді? Олардың қай бөлігі қаражатты өз еркімен қайтарды? Мәжбүрлі түрде қайтарғандарға қатысты қылмыстық істер қозғалды ма? Әзірге, осы сұрақтарға жауап берілмей отыр», - деді Абзал Құспан. Осы орайда ол бір топ депутаттың атынан екі талап қойды. «Біріншіден, Бас прокурор былтырғы маусым айынан бастап активтерді қайтаруға бағытталған арнайы комиссияның осы кезге дейін атқарған қызметі туралы толық ақпарат жолдауы қажет. Екіншіден, Бас прокурор басқаратын ведомствоаралық арнайы комиссияға және Үкімет жанындағы жұмыс топтарына мамандықтары сәйкес келетін депутаттардың да қатысуын қамтамасыз ету керек», - деді депутат.