«Екі-ақ жыл оқыдым»: әлемдегі ең үлкен ұшақты қазақ жігіті басқарады
Алматы облысыдағы Байсерке ауылынан шыққан Біржан бүгінде отбасымен Дубайда тұрады
Біржанды алпауыт шетелдік компанияның басшылары үш күндік сынақтан соң бірден жұмысқа қабылдаған,-деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі Azattyq Ruhy. басылымына сілтеме жасап. Әлемдегі ең алып лайнердің бірін қазақ жігіті басқарады. Біржан Талғатбекұлы бүгінде 600 адам сыйып кететін әуе кемесінің ұшқышы. Бір қызығы Біржан ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл ғана оқыған. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе команиясы Қазақстаннан шақырып алған. Келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Талғат алып ұшақпен әлемнің түкпір-түкпіріне жолаушыларды тасып жүр. «1993 жылы ШҚО-ның Біржан деген ауылында дүниеге келдім. Әкем Талғатбек Кәмісхан Мәскеу облысындағы Егорьевск қаласында Чекалов атындағы авияциялық техникалық колледжін, сосын Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында тәмәмдаған. Алматы қаласындағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталығында Ан-24, Ту-134, Як-42, Ту-154 ұшақтарында инжинер-механигі болып жумыс атқарған. Балалық шағым Алматы облысындағы Байсерке ауылында өтті. Мектепті Алматыдан оқыдым. Сабақтан бос уақыттарда әртүрлі спорт секцияларына, домбыра үйірмелеріне де қатыстым. Бүгінде отбасыммен Дубайда тұрам, бір баламыз бар», - деді ұшқыш