"Видеосы бар": Заманбек Нұрқаділовтың бәйбішесі соңғы сәтте күйеуі кімнен кешірім сұрағанын айтты
Видеоны көрген кісі "Нұрбике, сен өзіңді кінәлама. Сенің түк кінәң жоқ" деп айтты.
Ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов өмірінің соңғы сәттері жайлы кеңінен айтты. "Заманбек Нұрқаділовтың қалай атылғанын, бөлмесіне кім кіргенін ешкім білмейді, себебі сол күнгі видеотаспалар жоқ. Тәркіленіп қойған. Сондағы бір видеотаспада марқұм менің атымды айтып жылап отыр екен дейді. "Қайыркен, Қайыркен, кешір мені, қайтатын жол жоқ маған" деп. Соны көрген адам: "Нұрбике, сен өзіңді кінәлама. Сенің түк кінәң жоқ" деп айтты. Видеоны тексергендер сұрастырған ғой: "Қайыркен деген кім" деп. "Қайрат, Құралай демейді, Қайыркен" деп жылайды марқұм, неге" деп. Сол бізбен шай ішіп жүрген адам түсіндіріп беріпті: "Ол кісі бәйбішесін Қайыркен дейтін" деп. Расында, ол кісі мені атыммен атамайтын, Қайыркен дейтін", - дейді Нұрбике Нұрқаділова.