Басты жаңалықтар

Дубайда үй мен кәсіп бар деген Бүркіт ұшақ алуды жоспарлап жүргенін айтты

Айша болса Бүркіттің бұл жоспарына қарсы екен

«1001 түн» бағдарламасына қонаққа келген Айша мен Бүркіт өз жаңалықтарымен бөлісе отырып, армандарын да айтып өтті. Үнемі шетелде қыдырып жүретін жұптың Дубай қаласында үйлері, кәсібі бар екен. Бұдан бөлек Бүркіт ұшақ алуды жоспарлап жүр екен, деп  жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. «Дубайда кәсіп те, үй де бар. Балиде жоқ, алыстау. Әрі тікелей ұшақ жоқ. Дубай арқылы айналып ұшамыз. Ұшақ керек. Ұшақ іздеп жүргенмін. Сөйтіп «Ұшақты не істейсің?» деп ұрысты. Мен ұшақты жақсылап іздедім. Бір жыл оқимын. Зымыранға отырып, ғарышқа ұша алмаймын. Құдай қаласа оқып шығамын, сосын ұшақты айдаймын. Бірақ бұлар ағам екеуі қосылып алып, «Ұшақты не қыласың» деп ұрысты», — дейді Бүркіт жұбайы Айшаны көрсетіп. Айша болса  күйеуінің бұл бастамасын неге құптамайтынын түсіндірді. «Ұшақ алса, жарайды. Ол өзі ұшақты жүргізгісі келеді. Өмір бойы ұшақ айдап көрмеген адам, оны жүргізуді ойлайды. Оқып алғысы келеді. Уайымдаймын. Мен саған сенемін. Бірақ сенімен бірге ұшқым келмейді», — деп күлді Аиша бағдарлама барысында.