Басты жаңалықтар

Жеңіс Ысқақованың анасы қайтыс болды

Анасынан айырылған Жеңіс Ысқақова отбасындағы қаралы хабарды көпшілікке өзі жеткізді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Жаның жәннатта болсын, Жан анам" деп жазған әнші парақшасында. Көпшілік Ысқақоваға көңіл айтып, анасының Алла алдында жүзі жарық болуына дұғада болатындарын айтты. Жеңіс Ысқақованың өнердегі достары мен жақындары әншінің анасы өмірде қандай жақсы адам болғанын еске алған. Бірақ ешкім әншінің анасының неден қайтыс болғанын айтпады.