Басты жаңалықтар

"Еш өзгермеген": Нұрлан имамның 16 жасар кездегі видеосы жұртты таңғалдырды

"Даусы ғана емес, отырған отырысы да өзгермепті" дейді желі қолданушылары.

Желіде белгілі имам Нұрлан Байжігітұлының 1995 жылы түсірілген видеосы тарады, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.

Нұрлан имамның жас күнін көрген көпшілік оған жылы лебіздерін білдірген. "Адамның көз жанары мен даусы өзгермейді деген рас екен-ау", "Білімді адам ғой, жас кезінен сауатты кісі болыпты", "Болар бала бесіктен", "Жап-жас, тек даусынан ғана танисың", "Даусы ғана емес, отырған отырысы да өзгермепті"- деп жазды желі қолданушылары.