Астанада келіссөзге қалған мұнайшы арнайы жасақ жігіттерді аяусыз ұрғанын айтты (видео)
Мұнайшы: Бірі пойызда қансырап, тағы бірін бүйректен тепкен, үшіншісі гематомадан көзін аша алмай кетіп барады
Астанада қалған мұнайшылардың "ҚазМұнайГаз" өкілдерімен кездесіп, сөйлескен сәтінің видеосы тарады. Онда мұнайшы Энергетика министрлігі алдынан өздерін ұстаған күні, арнайы жасақ бірнеше әріптесін сабап тастағанын айтып жатыр, деп жазд "КҮН.КЗ" тілшісі. "Қазір пойызбен қайтып бара жатқан жігіттердің бірі қансырап жатыр. Екіншісін бүйректен тепкен, үшіншісі гематомадан көзін аша алмайды", - деді жұмысшылардың бірі. 10 сәуір күні Астанаға Жаңаөзеннен арнайы Энергетика министрлігінің алдында митинг ұйымдастыру үшін 80-нен асатын мұнайшы келген еді. Ол өздері жоспарлаған министрлік алдында бір күн түнеді. Екінші күні кешке жақын арнайы жасақ олардың бәрін көлікке тиеп, полиция басқармасына жеткізді. Түні бойы басқармада болған мұнайшыларды Жаңаөзендегі әріптестері қолдап, алаңға жиналды. 12 сәуір күні Астанада 10 мұнайшы қалып, қалғандары өз қалаларына пойызбен қайтқан еді. Келіссөзге қалған мұнайшылардың бірі "ҚазМұнайГаз" өкілдерімен кездесу барысында арнайы жасақ өздерін ұстаған кезде таяққа жыққанын айтты.