Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елордада Әзербайжан президентінің көзінше егілген шыршалар неге қайта қазып алынды

Елордада Әзербайжан президентінің көзінше егілген шыршалар неге қайта қазып алынды
ашық дереккөз
Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі Қыдырбекұлы Гейдар Әлиев көшесінің бойына Әзербайжан президенті келген кезде егілген шыршаның неге қайта қазылғанын түсіндірді.
Әкімдік ботаникалық бақтың аумағында көгалдандыру жұмысы жалғасатынын хабарлайды.
"Видеода көрсетілген Гейдар Әлиев көшесіндегі 5 шырша ағашы тіршілігін қолайлы жағдайда жалғастыруы үшін 100 метр қашық жерге қайта отырғызылады. Қайта отырғызу көшеттерге зиян келтірмейтінін атап өткен жөн.Көгалдандыру жұмысының бір бөлігі ретінде ботаникалық бақ учаскесінің алдыңғы қатарына жөке секілді қатты ағаштар, сол сияқты бұталар, атап айтқанда арша ағашы отырғызылады". - деп түсіндірді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және келген жұртшылық үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар