Басты жаңалықтар

Ақтауда дәрігерлер ауызашарда жаппай уланғандықтан емделушілерге қарайтын маман жетпей жатыр

50-ге жуық дәрігер бір қазаннан палау жеп, бірден өздерін нашар сезінген

Ақтаудағы ауруханаларда науқас қарайтын дәрігер жетіспей жатыр. Себебі ауызашарда уланған дәрігерлер әлі жұмысқа шықпаған. Сондықтан әріптестерін жоқтатпас үшін өзге дәрігерлер жүктемемен жұмыс істеп жатыр дейді жауаптылар. Ал уланған 16 дәрігер бұзылған палаудан ұшынды деген болжам бар. Себебі, тамақтан қышқыл дәм сезген, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. "Дәрігерлер конференциясына келіп едік. Біліктілігімізді жетілдіруге.Соның арты ауызашар берейін деп шақырған. Ауызашардан кейін үйге барып ауырып қалдық. Көбісі жалпы тәжірибе дәрігерлері. Оларды отбасылық дәрігерлер деп те атайды. Әрқайсысында 1500 адам есебінде тұрады. Сол 1500 адам қараусыз қалды деп айтсақ болады",-деді пульмонолог Индира Атажанова. Дәрігерлердің жаппай улануы ауызашардан кейін болған. Отырысқа әртүрлі мекемеде жұмыс істейтін 50 шақты дәрігер шақырылған. Соның 16-сы астан уланған. Он адам қазір ауруханада жатыр. Қалған алтауы үйіне жіберілген. Ұшынғандардың арасында пульмонолог пен гинекологтар да бар. Әрқайсысына қала, аудан бойынша барлығы жүздеген емделуші бекітілген. Осы жағдай оларға ғана емес, мыңдаған адамдарға да қолайсыздық туғызып отыр. "Қорытындысы зертханаға тапсырылды. Асханадан тамақ, шикі тамақтан басқа қоршаған ортадан алынған судан, сосын науқастардың зертханалық нәтижесі әлі шыққан жоқ", - деді Маңғыстау облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бердібек Саралтаев.