Басты жаңалықтар

"Неге мен егілген ана мен өкірген әкені көремін": Тоқтар Серіков жанайқайын жеткізді

Үкімет емес, қарапайым халық аман болсын, дейді ашынған әнші.

Қазақстандық танымал әнші Тоқтар Серіков қоғамдағы өзекті мәселе туралы жанайқайын жеткізді, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.Әнші баласының емі үшін қаражат сұрайтын ата-аналар туралы ашына айтты. "Көмектесіңіздерші, сіздердің көмектеріңіз ауадай қажет. Менің балама осыншама ақша керек болып тұр. Шынымен де, баласын көрсетіп қойған. Жүрек тұсынын тесіп бір шланг тығып қойған. Хал үстінде жатқан бала. Осыған осыншама ақша керек еді. Осының отасы шетелде жасалады, соған апарып-келуге ақшамның жоқтығы қиын болып тұр. Баламнан айырылып қалайын деп тұрмын, деп егілген ана мен өкірген әкені көремін. Неге мен соны көремін бауырым, неге? Неге, мемлекет соны айтқызбай шешпейді. Мемлекет үшін түкке тұрмайтын дүниелер. Мемлекеттегі жасалып жатқан дүниелер, түкке тұрмайтын мерекелер, шетелдің қаптаған әншілері келіп біздің ақша-дүниемізді алып кетіп қалатын, солардың қаражатын осыларға берсе..."

, - дейді әнші.