Отандық әнші Қалдыбек Талқанбаев қыздардың қалың малын сынады, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. "Бойдақ қыздар көп. Неге көп? Өйткені бойдақ жігіттер ажырасқан әйелдерден (бұрын-соңды тұрмыс құрған) ауысып жатқан жоқ. Шын, бізде бойдақ қыздардың ата-аналары, өздері миллион, 2 миллион, 3 миллион деп "ставка" қойып алған. Жақында каспийге шығатын шығар "бөліп төлеуге" болады деген. Әртүрлі фотоларымен. Құрметті ата-аналар, құрметті қыздар, қойыңыздар. Өздеріңізге стаквка қойып алғанды. Өмірге сатылу үшін келдіңіздер ме? Кейбір ата-аналар мақтанып жүреді дейді "Менің қызым өзінің тойын өзі ақтап кетті". Осыдан кейін бойдақ жігіттер ажырасқан қыз-келіншектерге жүгіріп кетеді. Соларға үйленеді. Бойдақ қыз-келіншектерді жаман деп кім айтты. Олар шынайы әдемі. Бойдақ қыздар сияқты беттеріне 10 келі бояу жақпайды. Жасанды қыздардан ажырасқан қыздар әлдеқайда жақсы. Өйткені олар шынайы кейіпінде", - деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram