"Қарыз болып қалдым": Құшағы гүлге толған Дариға Бадықованың көңілі толқып кетті
Тіпті көрермендер де актермен бірге қуанғанын айтып пікір жазған.
Белгілі актер, "Келінжан" сериалының жұлдызы Дариға Бадықова және әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей "Хабар" телеарнасындағы "Қызық TIMES" бағдарламасының қонағы болды, деп жазды деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.
Бағдарлама жүргізушілері Еркебұлан Мырзабек мен Марат Оралғазин бағдарлама қонағына ерекше тосын сый жасады. Дариғаны ең тұрақты қонағы екенін тілге тиек етіп, дегенмен, бұрынғы бағдарламаларда оған гүл сыйлай алмағандарын өкіне еске алды. Олар кеткен қателіктерін түзету үшін қонағына кезек-кезек гүл ұсынды. Құшағы гүлге толған Дариға Бадықованың көңілі толқып, "қарыз болып қалдым" деп қалжың айтты. Тіпті көрермендер де актермен бірге қуанғанын айтып пікір жазған.