БАҚ: Сара Алпысқызы Назарбаев тегінен бас тартып, бұрыңғы фамилиясын қайта алды
Тұңғыш президент пен Сара Алпысқызы заңды түрде ажыраспаған
Нұрсұлтан Әбішұлының жұбайы Сара Алпысқызы соңғы 15 жылдай уақыттан бері көпшілік көзіне түспеген. Ол ресми шаралар мен тіпті сайлауларда да төбе көрсетпегелі көп болған. "Shishkin_Like" телеграм арнасы Сара Алпысқызы баяғыда қыз күнгі тегін алып алғанын жазады. Сара Алпысқызы мен Нұрсұлтан Назарбаев некелерін бұзды деген ақпарат еш жерде жоқ. Керісінше ресми сайттардың барлығында ҚР тұңғыш президентінің жұбайы ретінде Сара Назарбаева тұр. Ал салық комитетінде Сара Назарбаева Алпысқызының атына ЖК тіркелген. Оның директоры ретінде Сара Алпысқызы Қонақай деп көрсетілген. Бұл Сара Алпысқызының 1962 жылы Нұрсұлтан Әбішұлымен некеге тұрғанға дейінгі тегі еді. Болжам бойынша Сара Алпысқызы тегін 2005-2012 жылдар аралығында ауыстырған. Сара Алпысқызы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың некесінен үш қызы бар. Өткен демалыста Назарбаетың тіркелмеген некеден туған 18 жастағы Тауман есімді ұлы бары айтылды. Оның анасы Әсел Құрманбаева екені айтылды.