Басты жаңалықтар

Қадір түні не істеген дұрыс: Қадір түні оқылатын дұғалар

Қадір түні- Тағдыр түні. Бір күндік құлшылық 83 жылдық ғибадатқа пара - пар

Қадір түнінің мағынасын тарқатып айтар болса тағдыр түні деуге болады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық ғибадатқа тең. Сондықтан осы түні адамның бір жылдық несібесі ғана емес тұтас тағдыры жазылады. Қадір түні құлшылықпен өткені дұрыс. Бірақ, ұйықтамай өткізу шарт емес, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі мұфтият ақпаратына сүйене отырып   1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек. Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді. Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». 2.Қадыр сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр. Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадіртүнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады». 3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет. Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі. 4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет. Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін. 5.Астәғфируллуһ – 500 рет. 6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет. Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)«Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина»

Алладан амандық сұрайтын дұға

«Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын!» «Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».

Шипа сұрау дұғасы

«Маған бір пәлекет келді. Ал Сен Мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің». «Әнн-нии мәс-сә-ни-иәд-дур-ру уә әңң-тә әр-хә-мур-роо-хи-миин».

Салиқалы әйел сұрау

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» «Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»