Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдының атындағы 2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жер телімдері Қарасай ауданы мен Жамбыл ауданында болған
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева мен немере інісі Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерден айырылды, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі. ҚазТАГ
редакциясы бұл ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының растағанын жазды. Аймақтық қадағалау мекемелері Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдыға тиесілі ауқымды жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды. Жалпы көлемі 2 мың гектарды құрайтын жер телімдері Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.