"Ашуланса шағып алады": анаконда асырап отырған Атырау тұрғыны ерекше хоббиі туралы айтты
Ерекше хобби иесі атыраулық Салтанат Өмірбайқызы 10 жылдан бері үйінде питон баптап келеді. Анаконда түріне жататын суық жыртқышты үйінде ұстауына кішкентай кезінде цирктегі қойылымдарға еліктеуі себеп болған, деп жазады "КҮН.КЗ" тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап. Салтанаттың бұл он жыл ішіндегі асыраған екінші сұр жыланы. Оның ұзындығы 3 метр, салмағы 30 келіге жуықтайды.
Ол жатын бөлмеде жылан ұстауына отбасы да, жақындары да қарсы болмай, қолдау білдіргенін айтады.
Бұл - Салтанаттың екінші питоны. "Джаванна" есімді алғашқы жыланы 7 жылдай қолда өсіп, кейін ауырып өлген. Екінші жыланы "Графиняны" үш жыл бұрын Малайзиядағы бұрынғы сатушылар 1 млн теңгеге жеткізіп берген.
Салтанат питонның немен қоректенетінін де айтты. "Олар тамақ жеген сайын өсе береді. Сондықтан тамақты қарыны ашып қалмайтындай өлшеп беремін. Аптасына 2 қояннан жейді. Екі қоянды бірден жеп алса 4-5 күн қорытып жатады", - дейді ол. Салтанаттың айтуынша, тойып тамақ ішіп алған питонға жақындаса, ашуланып, мінезін көрсетуі мүмкін. Тіпті жылан бірнеше рет әкесінің қолынан тістеп, өзіне де шабуыл жасаған.
Айтуынша, питондар баптағанды, суға шомылдырғанды жақсы көреді. Салтанатты достары отбасылық мерекелеріне питонмен билеуге шақырады. Адамдар жай ғана Графинямен суретке түскенді ұнатады. Салтанат айтқандай, бұл жай ғана оның хоббиі, табыс көзі емес", - дейді Салтанат. Салтанатты достары отбасылық мерекелеріне питонмен билеуге шақырады. Адамдар жай ғана Графинямен суретке түскенді ұнатады екен.