"Жыладық та, күлдік те": Әйел болып киінген актер Дәурен Серғазинге халық тәнті болды
Желі қолданушылары: "Жан-жақты актер"
Көпшілік көрерменге «Алдар көсе» фильміндегі Алдар көсе бейнесі арқылы жақсы таныс Дәурен Серғазин соңғы уақытта Тик-Ток жұлдызына айналды, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі.
Дәурен Серғазиннің "Жастар" театрында "Пранк-Махаббат" қойылымындағы ерекше рөлі көрермендерді тәнті етті. Студенттік шақтың қызығы мен шыжығы мол шытырман оқиғаларға негізделген қойылымда актер студент жігіттің рөлін сомдайды. Бірақ қойылымда актердің әйел болып киініп, билейтін жері бар. Дәурен Серғазиннің билеген сәті әлеуметтік желіде өте танымал.
Әлеуметтік желіде актердің өнерін оқырмандар жоғары бағалаған. "Жан-жақты актер", "Қойылым өте керемт, жыладық та, күлдік те", - деп жазды желі қолданушылары.