"Мектеп есепшісі осылай жесе...": Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлері сөмке-сөмке ақшамен ұсталды
Келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады.
,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Қазіргі таңда істің мән-жайына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік нысанына, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Оқиғаның видеосын журналист Самал Қабышева әлеуметтік желіге жүктеген. Желі қолданушылары өз пікірлерін ортаға салды. "Есепші осылай жесе, басшылар қалай жеді десеші. Ол жалғыз өзі істей алмайды", "Бүкіл мектептің есепшісін тексеру керек", "Сұмдық, мектеп мұғалімдері айлық ала алмай жылап жүрсе, бар ақшаның бәрін мыналар жымқырып жүр екен ғой", "Бізге ақша жетпейді, сөйтсек өздері жеп қояды екенғой", - деп жазды олар.